Зейнетақы жинағын пайдалану: 350 мыңнан астам адамнан өтініш түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағын пайдалану: 350 мыңнан астам адамнан өтініш түскен

06.04.2021

Зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін алуға қатысты 940 миллиард теңгенің өтініші мақұлданды. Ол үшін 350 мыңнан астам адамнан өтініш түскен. Басым бөлігі ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін сұраған. Арасында ипотекалық несиесіні өтеушілер көп. Олардың арнайы шотына 936 миллиард теңге аударылған. Ал емделуге деп төрт мыңдай адам өтініш жіберген. Оның басым бөлігі мақұлданып, олардың шотына екі миллиард 700 миллион теңге аударылды. Ал 3 мыңнан астам азамат қордағы қаржысын өзге компаниялардың басқаруына беруді қалаған.

Досжан Маратұлы


зейнетақы жинағы

Хабарламаларға жазылу