«Самұрық-Қазына»-ға қатысты тергеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына»-ға қатысты тергеу аяқталды

27.12.2022

Сатып алу бойынша, айып тағылған «Самұрық-Қазына»-ға қатысты тергеу аяқталды. Сотта қаралып жатқан істің мән-жайын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлімдеді. Оның айтуынша қор ұйымдары сатып алу талаптарын бұзған. «Мамандар онда өмірді сақтандыру бойынша қызметті бір көзден сатып алып отырған» дейді. Ал талап бойынша сатып алу бәсекелестік арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Болат Сәмбетов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
Аталған факті қордың орталықтандырылған сатып алуды бақылау қызметінің өздігінен әрекет етуінің дәлелі. Бұл өз кезегінде сақтандыру қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің шектелуіне алып келеді. Қазір тексеру нәтижелеріне шағымдану бойынша сот жүріп жатыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу