Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қазақстандықтар арасында Зейнеп Сұлтанбек үздіктердің қатарынан көрінді. 18 жастағы спортшы үш ұпай жинап, 9 - орынға табан тіреді. Жансая Әбдумәлік те үш ұпай жинады, бірақ әзірге 18 - орыннан көрініп отыр. Бибісара Асаубаева болса, 54 - орында келеді.
Ал ерлер арасында әйгілі норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен чемпионаттың алғашқы күнінде озық шықты. Бұл санатта отандастарымыз арасынан Арыстанбек Оразаев 3,5 ұпаймен 24 - орынға орналасты.
Еске салайық, рапид пен блиц форматындағы спорттық дода мегаполисте 30 желтоқсанға дейін өтеді. Оған әлемнің 50 мемлекетінің спортшылары жиналды.