Шахматтан тағы бір әлем чемпионы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан тағы бір әлем чемпионы шықты

17.10.2019

Шахматтан тағы бір әлем чемпионы шықты. 8 сынып оқушысы Меруерт Камалиденова Үндістанда өткен жаһандық жарыста 14 жасқа дейінгі қыздар арасында алтын медаль алды. Су жаңа чемпионның ақжолтай жаңалығын айту үшін бүгін арнайы брифинг ұйымдастырылды. Елордалық оқушы 11 партия ойнап, қарсылас шақ келтірмеген. 65 мемлекет қатысқан әлем чемпионатына 9 спортшы аттаныпты. Олардың арасында Қызылордалық Назерке Нұрғали да қоржынымызға күміс медаль салды. Командалық қорытынды есеп бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. 14 жасында әлемді мойындатқан чемпионы Мерует Камалиденова бұған дейін екі дүркін Азия чемпионы атанған, ендігі мақсаты — халықаралық грасмейстер атағын алу.   

Меруерт Камалиденова, шахматтан әлем чемпионы:

Қазір мен шахмат ойнауды жалғастырамын мүмкін уақыт өскен соң мамандығымды ауыстырамын. Мен математика, физика химия жағынан мықтымын.

Ербол МӘНДІБЕК



Хабарламаларға жазылу