Еліміздегі ең жоғары зейнетақы көлемі айтылды. 1 желтоқсандағы жағдайға сай, ол 700 мың теңгеден асады екен. Алайда мұндай төлемді қанша адамның алатыны белгісіз. Ал зейнетақы қорында қазір 14 триллион 400 миллиард теңге бар. Қор қызметкерлерінің хабарлауынша жинақ жыл басынан бері 10 процентке артып, 1 триллион 300 миллиард теңгемен толыққан. Ал жинақты мерзімінен бұрын алуға қатысты 1 триллион теңгенің өтініші мақұлданған. Басым бөлігі қаржыны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін сұраған.
Досжан Маратұлы