Украина әскерилері Беларусь шекарасына жақын жерде жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскерилері Беларусь шекарасына жақын жерде жаттығу өткізді

26.12.2022

Украина әскерилері Беларусь шекарасына жақын жерде жаттығу өткізді. Маневрларға елдің қарулы күштері мен Ұлттық гвардиясы қатысқан. Жаттығулар нақты қай жерде өткені ашық айтылған жоқ.

Шара барысында Украина сарбаздары маңызды мемлекеттік нысандарға тактикалық десантшылардың шабуылының алдын алуға дайындалған. «Рейтердің»  мәліметінше, соңғы апталарда Беларусь әскери белсенділікті арттырды. Украина билігі болса, Ресей елге Беларусь аумағынан жаңа шабуыл жасауы мүмкін деп күдіктенеді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу