Жапонияда да бірнеше күннен күн суытып, жұртты әбігерге салып отыр. Боран соғып, қалың қар жауған. Ауа-райының нашарлауынан 17 адам қаза тауып, 87 тұрғын жараланды.
Кей аумақтарда қардың қалыңдығы 1 метр 20 сантиметрге жеткен. Ниигата префектурасында электр жарығы өшіп, 2 мыңдай үй қараңғыда қалды. Жолдар жабылып, көлік қатынасы қиындады. Елдің солтүстігінде ұшақ пен пойыздардың қозғалысы шектелді.
Арай Төлеген