Ресми статистика бойынша Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсайды. Мұның сыртында коммуналдық төлемдер, оқу ақысы, киім-кешек сияқты шығындар жетерлік. Яғни ел азаматтарының басым бөлігі көлік, баспана, тіпті, электронды техниканы қолма-қол ақшаға ала алмайды. Тағы да несиеге жүгінеді. Сондықтан банктен қарыз алмай өмір сүрі халықтың біраз бөлігі үшін мүмкін емес. Сондықтан өтініш бергендердің бәрін банкрот деп жариялау да дұрыс емес дейді, мамандар.
Салтанат Оразбекова, әлеуметтанушы:
Банкрот деп жарияланған адамдардың хал ахуалына қалай ол әсер ететіні бізде толықтай талдама жасалмағандықтан мен айта алмаймын. Бірақ оның рискілері өте көп деп ойлаймын. Екінші деңгейлі банктер оған шектеу қоятын болса бізде микро кредиттік организациялар бар ғой. Бастаманы олар алып кетеді де адамдар одан сайын қарызға белшесінен батады. Мына жақта олар 10-20 процент төлейтін болса микро кредиттік ұйымдарда ол 50 пайызға дейін кетіп қалуы мүмкін. Кейін олар қарызға одан сайын 2-3 есе кіріп кетуі мүмкін.