Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барды

22.12.2022

Украина президенті Владимир Зеленский жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Бұл оның елде соғыс басталғалы бері алғаш рет шетелге шығуы. Зеленский алдымен АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу өткізіп, екі сағаттай әңгімелесті. Мұнан соң Конргестің қос палатасы алдында сөз сөйледі. Америкалықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, «Украина шыдайды және ешқашан берілмейді» деп мәлімдеді. Зеленский соғысты және қазіргі Ресейді Екінші Дүниежүзілік соғыс пен гитлерлік Германияға теңеді. Украина президенті АҚШ елге 2 млрд доллардың әскери көмегін, оның ішінде «Пэтриот» қорғаныс жүйесін беретінін мәлімдеді. Бұл арқылы Украинаның әуе қорғанысы күшеймек. Джо Байден болса, америкалықтар еуропалық одақтастарымен бірге Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін мәлімдеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу