Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп

22.12.2022

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 5 жетім баланың кезегі жоғалып кетіп, баспанасыз қалды. Ал тура сол санатта болған өзге алты жеткіншекке сол жылы пәтер берілген. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі осындай заңсыздықты әшкереледі.

Маманда тұрғын үй басқармасының жұмысында ашықтық жоқтығын айтады. Жалпы тексеріс барысында бұл салада жемқорлыққа жол ашатын 8 тәуекелдің болғаны анықталды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу ісі толық цифрландырылмаған. Соның салдарынан жеңімпазды іріктеу процесі де сыбайлас жемқорлыққа бейім.

Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын жүргізу кезінде 550 миллион теңгені үнемдеуді ұсынған 7 кәсіпкер мемлекеттік сатып алудан қасақана шеттетілген. Соңғы 3 жылдың ішінде мемлекеттік сатып алу веб порталының жұмысына қатысты 11 мыңға жуық шағым түскен.


Асқар Айтымбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департаменттің бас маманы:

Іс жүзінде мемлекеттік сатып алу басқармасы мамандары заңнамаларда көзделмеген құжаттарды енгізу арқылы конкурстарды тоқтаттқан. Тек қана 2022 жылдың өзінде 35 миллиард қаржыға 30 мемлекеттік сатып алу осы тәсілмен тоқтатылған.

Хабарламаларға жазылу