Буэнос-Айресте жеңіс мерекесі футбол фанаттары мен полицейлер арасындағы қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буэнос-Айресте жеңіс мерекесі футбол фанаттары мен полицейлер арасындағы қақтығысқа ұласты

21.12.2022

Буэнос-Айресте жеңіс мерекесі футбол фанаттары мен полицейлер арасындағы қақтығысқа ұласты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жанжал тәртіп сақшылары республика алаңындағы монументтің үстінен екі жанкүйерді түсіруге әрекеттенгенде басталған. Өзге бір мәліметтерге қарағанда, ашынған жастар полицейлерге тас атып, жақын маңдағы банктің қақпасын бұзып, зарттарды көлікке тиеп әкеткен. Кеше Аргентина астанасының қауіпсіздік күштері Қатардан оралған чемпиондарды сақтық мақсатында төбесі ашық автобустан тікұшаққа көшірген еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу