Сантьягода студенттер маршы қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сантьягода студенттер маршы қақтығысқа ұласты

22.06.2017

Чили астанасы Сантьягода студенттер маршы үлкен қақтығысқа ұласты. Жастар жоғары білім жүйесін жақсартуды талап етіп көшеге шыққан. Демонстрация бейбіт басталды. Алайда, шерушілер бір көшені жаппақ болғанда полицейлер оларға көз жасаурататын газ бен су шашқан. Марш кезінде қанша адамның зардап шеккені немесе тұтқындалғаны әзірге белгісіз.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу