Малайзияның шығыс жағалауында ұзаққа созылған жаңбыр салдарынан тасқын басталып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетті. Әсіресе Келантан және Теренггану штаттарындағы жағдай қиын. Оларда талай үй мен ғимаратты және жолдарды су басқан.
Жергілікті тұрғындардың кейбірі мұндай алапат жауынды 1967 жылдан бері көрмегендерін айтады.
Малайзия ақпарат құралдарының дерегінше, апаттан бас-аяғы 66 мыңдай адам зардап шекті. Және де сан мың тұрғын уақытша шатырларға көшуге мәжбүр болған.