Орталық Азия медиасындағы өзекті мәселелер талданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия медиасындағы өзекті мәселелер талданды

21.12.2022

Әлемдік медианың белді өкілдері бас қосқан Орталық Азия медиа форумының екінші күні де бітуге жақын. Шарада өңірдегі өзекті тақырыптар талқыланып жатыр. 

Серік Селеубайұлы, тілші:

Медиа форумның түстен кейінгі бөлімінде де Орталық Азия қоғамына қызықты тақырыптар талқыланды. Оның ішінде Медиа саласындағы әйелдер панелдік сессиясын ерекше атап өтуге болады. Мұнда сарапшылар азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі туралы айтты. Одан кейін бүркітші қызымыз Айшолпан туралы жазылған кітаптың таныстырылымы өтті. 

Қазір Медиа саласындағы білім беру қалай өзгеруі керегі талданып жатыр. Онда Ұлыбритания, Германия, Нидерландыдан келген сарапшылар өз тәжірибелерін ортаға салуда. Шамалыдан кейін «Әлеуметтік желі және инфлюенсинг брендті құрудың қозғаушы күші» атты панелдік сессия басталады.


Хабарламаларға жазылу