Алматыда вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот отырысы басталды. Алғашқы сот отырысында жәбірленушілер, 10 айыпталушы мен олардың адвокаттарының өтініші тыңдалды.
«Мударабах Капитал» компаниясына қатысы бар деген айыпталушылардың басты қорғаушысы техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, отырысты онлайн емес, сот залында өткізуді сұрады. Алайда судья оның өтінішін ескермеді.
Еске салсақ, Алматы қалалық полициясы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қаржылық пирамиданы құрды деп айып таққан болатын. Егер күдіктілердің заң бұзғаны дәлелденсе, 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.