Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовты қабылдады. Ол президентке отандық кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық жайын баяндады.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бюджет бағдарламасына тәуелділігі түбегейлі азайғанын жеткізді. Президент «стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде бизнестің мүддесін ескеру маңызды», - деді.
Сәбит Әлдебай