Президент Райымбек Баталовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Райымбек Баталовты қабылдады

27.04.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады. Палата төрағасы Мемлекет басшысына палатаны жандандыру жолдарын таныстырды. Микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғанын айтты. Сондай-ақ, Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекеннің» қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдап, кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау жұмыстарын одан әрі жандандыруды тапсырды.

Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы:

Президент Палатаның ұстанған жаңа бағыттарын қолдады. Әсіресе, ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес субъектілеріне ерекше мән беру қажеттілігі ескерілді. Дәл осы бағыт бойынша кәсіпкерлерді қолдауға арналған жаңа бағдарламаларды ашып, жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс істеуді қолға алу керектігі айтылды.


Хабарламаларға жазылу