Жамбыл облысы тұрғындарына жыл басынан бері 10 мыңнан астам тегін заң көмегі көрсетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы тұрғындарына жыл басынан бері 10 мыңнан астам тегін заң көмегі көрсетілген

15.12.2022

Жамбыл облысы тұрғындарына жыл басынан бері 10 мыңнан астам тегін заң көмегі көрсетілген. Әділет министрінің орынбасары Бекболат Молдабеков бүгін Тараз қаласының жұртшылығымен кездесті. Мемлекет басшысы міндеттеген реформаларды түсіндірді. Қазір құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдеді. Мәселен, некені тіркеу үшін немесе нәрестеге куәлік алу үшін екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдалануға болады. Көпбалалы отбасыларға, мүгедек азаматтар мен зейнеткерлерге тегін құқықтық кеңес беріледі деді,- министрдің орынбасары.

Нұрдос Сембекұлы

Хабарламаларға жазылу