Нәзік сезімді жырлаған ақынның «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Шақырады көктем» өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов және Әет Бейсеуов сынды дарынды композиторлар ән жазды.
Әдебиетшілер үйінде өткен кеште сыршыл ақынның мөлдір лирикасы мен өмір жолы туралы естеліктер айтылды.
Тұманбай ақынмен етене жақын араласқан қаламгерлер оның азаматтық қалпы мен адамгершілігіне тоқталды.
Дәурен ДАРИЯБЕК