Елімізде алқабилер қарайтын істердің саны көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алқабилер қарайтын істердің саны көбейеді

15.12.2022

Елімізде алқабилер қарайтын істердің саны көбейеді. Бүгін Сенат алқабилердің қатысуымен болатын істердің санаттарын  кеңейту бойынша заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Жаңа жылдан бастап алқабилер қарайтын істердің қатарына 13 құрамнан тұратын  ауыр және орташа ауыр қылмыстарға қатысты істерді енгізу ұсынылды.

Қазір азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын арнайы институттарды жетілдіруге басымдық беріліп отыр, - дейді сенаторлар. Сондықтан аталған заң  қоғам сұранысына сай  келеді және әділетті құқық қорғау жүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу