Елде құтқарушылар саны көбейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде құтқарушылар саны көбейеді

14.02.2023

Елде құтқарушылар саны артады. Атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, апаттар медицинасы орталығы 94 адамға және «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейеді. Мұның барлығы техногендік сипаттағы апаттар кезінде төтенше жағдай қызметкерлерінің жылдам әрекет етуіне септігін тигізбек. Өйткені қазір су тасқының алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ бұл шешімнің қабылдануына Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі де әсер етіп отыр.  Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылды. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам.

Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу