Елдің үш өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының күрт бұзылуына байланысты автобус және дизельмен жүретін автокөліктердің жүруіне уақытша тыйым салынды.
Ауа температурасы өңірлерде 30 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан жолда жүруге қауіпті саналатын көліктерге қатынас тоқтады. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылап отыр. Мамандар төтенше жағдай кезінде 1403 нөміріне хабарласу қажетін ескертті.
Әсима Нұрбайқызы