«Үлкен жетілік» елдері Украинаға, ең алдымен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жөнелтуді жалғастыруға дайын. Бұл туралы онлайн саммитте айтылды.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский оларды Киевке зымырандық артиллериямен жәрдемдесуге және елінің экономикалық, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Ресейді Рождествоға дейін өз елінен әскерін шығаруға үндеді.
Еске салайық, Ресей армиясы ақпан айында Украинаға басып кірді. Қазір жергілікті қарулы күштермен оңтүстік пен шығыста шайқас жүріп жатыр. Соңғы апталарда Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зымырандармен соққы жасалып, миллиондаған адам жарықсыз, жылусыз қалды.
Арыстан Рысбек