«G7» саммитіндегі басты мәселе – Украинаға шексіз қолдау көрсету - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«G7» саммитіндегі басты мәселе – Украинаға шексіз қолдау көрсету

27.06.2022

«Джи 7» елдерінің жоғары деңгейдегі кездесуі Германияның оңтүстігіндегі Эльмау сарайында өтіп жатыр.

Әлемдегі ең дамыған жеті елдің мемлекет басшыларының саммитінде күн тәртібінде тұрған басты мәселе - Украинадағы қарулы қақтығыс және одан туындаған жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі.

«Блумберг» агенттігі ұйымға мүше елдердің қорытынды мәлімдемелерінің жобасын жариялады. Құжатқа сай лидерлер Украинаға Ресей басқыншылығынан қорғану үшін шексіз қолдау көрсетуге міндеттенеді. Бұған қоса олар Ресейден келетін импортқа салынатын бажды Киевке көмек ретінде пайдалану жағын талқылайды.

Тағы бір мәлімет. «Үлкен жетілік» лидерлері дамушы елдер үшін ауқымды инвестициялық бағдарлама жасауға уәде берді. Саммит сейсенбіге дейін жалғасады.


Хабарламаларға жазылу