Кеденнен өтетін барлық жүк көліктеріне енді мөр басылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеденнен өтетін барлық жүк көліктеріне енді мөр басылады

10.12.2022

Енді кеденнен өтетін барлық жүк көліктеріне мөр басылады. Бұл электронды құрылғы арқылы шекарадан өткен кез-келген тауар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Ақтауда бас қосқан Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Кеден қызметі басшылары осындай шешімге келді. Жиында әр елдің кеден заңнамасын бір ізге түсіріп, рәсімдерді оңтайландыруға қатысты мәселелер талқыланды. Кездесудің нәтижесінде ТМД елдері арасындағы кедендік ынтымақ туралы халықаралық келісімге қол қойылды.

Владимир Булавин, Ресей федералды кеден қызметінің басшысы:

Кедендік мөрдің келешегі зор. Бұл, өз кезегінде электронды құрылғы іспеттес. Яғни, оның жадына тасымалданған барлық тауар туралы ақпаратты енгізуге болады. Ол мәлімет шекарадан өту кезінде автоматты түрде көрініп тұрады. Осылайша, кеден органдары арасында ақпарат алмасудың заманауи тәсіліне көшеміз.


Хабарламаларға жазылу