Босфордан мұнай танкерлері өте алмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босфордан мұнай танкерлері өте алмай тұр

09.12.2022

Қара теңізден Жерорта теңізіне аттанған мұнай танкерлері түріктің Босфор бұғазынан өте алмай тұр. «Рейтер» және «Блумберг» агенттіктерінің хабалауынша, олардың саны көбейіп келеді. Кемелердің мұнда тұралауына Анкараның тасымалдаушылардан сақтандыру талап етуі себеп.

Өткен аптаның соңында Еуропа одағы мен «Үлкен жетілік» Ресей мұнайының бағасын 60 доллардан асырмау туралы келісімге қол қойды. Демек бұл талапты орындамаған ресейлік танкерлерге сақтандыру берілмейді. Және де жаңа ереженің өзге елдерге қатысы жоқ.

Сондықтан АҚШ қаржы министрлігі Босфордағы кептелістен құтылу үшін Анкараны басқа мемлекеттердің кемелерін шектен тыс тексермеуге шақырып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу