Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Бүгін Сенат осындай заң қабылдады. Жобада бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа толғанша төлеу, ең төмен және ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін көтеру, әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту сияқты нормалар бар.
Сонымен қатар, жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар, жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақтары ұғымдарын заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылған. Сондай-ақ құжатта «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Заң Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Серік Селеубай