Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аяқталғаннан кейін командалар екі күн демалады. Ал Дохадағы жанкүйерлер үшін бұл күндері арнайы отшашу ұйымдастырылып, Ондаған дрондардың қатысуымен орындалған пиротехникалық шоуды тамашалады.
20 қарашадан бері күн сайын ӘЧ тартысты ойындары өтті. Сайдың тасындай іріктеліп шыққан командалар енді ширек финалда бақтарын сынайды. Күнде стадионға қарай ағылатын жанкүйерлердің көбі демалыс күнді арнайы ұйымдастырушылар дайындаған орындарда өткізеді.
Парсы шығанағы жағалауында ондаған дрондар шоуы көпшіліктің қызыға тамашалайтын көрінісіне айналған. Теңіз суы мен ауасы кез келген адамның жанын жадыратады. Бұл жерге келгендер би билеп көңіл көтеріп, керемет от шашуды да тамашалады.
Ерік Ерсін