Индонезиядағы Бандунг қаласының полиция бөлімшесінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Тағы жетеуі жараланған. Мұны «Ассоушиэтид пресс» хабарлап отыр. Оның дерегінше, мерт болғандардың біреуі – бомбаны іске қосқан адамның өзі, екіншісі – полиция офицері.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал шабуылшының қандай да бір радикалдық топқа қатысы бар-жоғы әлі анықталған жоқ.
Индонезия – әлемдегі ең ірі мұсылман мемлекеті. Бұған дейін тәртіп сақшыларына «Даиш» тобы талай рет қастандық жасаған еді.