Зеленский шығыста жауынгерлермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский шығыста жауынгерлермен кездесті

07.12.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Армия күні мерекесінде шығыстағы майдан шебі маңында болды. Донбасс үшін шайқасып жатқан жауынгерлермен кездесті. Оның сөзінше, Донецк облысын қорғау тұтас мемлекетті қорғау жолында шешуші рөл ойнайды.

Зеленский сондай-ақ Украина әскерінің Донецк, Луганск облыстарымен бірге Қырымды да азат ететініне сенім білдірді. Айта кетсек, елдің қарулы күштері өткен айда оңтүстіктегі Херсон мен Днепр өзенінің батысынан ресейліктерді ығыстырды. Ал қазір Донбасста Бахмут қаласы үшін күрес жүріп жатыр.  

Хабарламаларға жазылу