Оталған ормандармен байланысты өнімдер сатылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оталған ормандармен байланысты өнімдер сатылмайды

06.12.2022

Еуропа одағы компаниялардың оталған ормандармен байланысты өнімдерді сатуына тыйым салатын заңды мақұлдады. Сол тауарлардың қатарында кофе, какао, шоколад, соя, сиыр еті, пальма майы, тері және өзге де шикізаттар бар.

Айта кетсек, ормандардың жойылуы, өртенуі атмосфераға улы газдың тарауына үлкен үлес қосып келеді.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, экологияны қорғауға бағытталған жаңа заң Еуропа одағы елдері мен Еуропарламентте қабылданғаннан кейін 20 күн өткенде өз күшіне енуі керек.


Хабарламаларға жазылу