Мексика - Польша құрамалары тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексика - Польша құрамалары тең түсті

23.11.2022

Сауд-Арабиясы мен Аргентина ойынынан кейін С тобындағы екінші матч Мексика және Польша құрамалары арасында өтті. Бірінші таймда Роберт Левандовскийдің пенальтиден есеп ашатын тамаша мүмкіндігі болған, алайда Мексикалық қақпашы Гильермо Очоадан айласын асыра алмады. Екінші таймда қос команда шабуылды жиілетті. Дегенмен ойын соңына дейін бір-бірлерінің қақпасынан саңылау таба алмады.

D тобындағы Франция құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынын Аустралияға қарсы өткізді. Бірінші гол ойынның 9-шы минутында Уго Льористің қақпасына соғылды. Көзге түскен Крэйг Гудвин. Дешамның командасы білгенінен жаңылмады. Адрьен Рабьо мен Оливье Жиру гол соғып, ойының алғашқы бөлігін жеңіспен аяқтады. Екінші таймда француздар тағы екі гол соқты. Килиан Мбаппе 68, Оливье Жиру 71-ші минутта есепті еселеді.

Қорытынды есеп 4-1, жеңіс Франция құрамасының еншісінде. Бұл ойында екі гол соққан Оливье Жиру Франция құрамасы тарихындағы көп гол соққан шабуылшы атанды. Ол 51 голы бар Тьерри Анримен теңесті. Сондай-ақ бұл топтағы екінші ойын Дания мен Тунис құрамалары арасында өтті. Қос команда 0-0 есебімен тең тарқасты.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу