Ресей мұнайына эмбарго жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мұнайына эмбарго жарияланды

05.12.2022

Бүгін ЕуроОдақтың Ресей мұнайына жариялаған эмбаргосы мен қара алтын бағасына қойылған шектеу күшіне енеді. Осылайша бұл энергетикалық шикізатты теңіз арқылы тасымалдау тоқтатылады. ЕуроОдақ, «Үлкен жетілік» елдері және Австралия қабылдаған шешімге сәйкес, ресейлік көмірсутегінің баррелі 60 доллардан жоғары бағаға сатылмауы керек.

Негізгі мақсат – Мәскеуді Украинадағы қарулы қақтығысты қаржыландыру мүмкіндігінен айыру. Кремль болса, ешқандай шектеуге бағынбайтынын мәлімдеп отыр. «Қара алтынды» экспорттау мәселесінде серіктестерімен тікелей келісім жасауға ниетті екенін де жасырмады .

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу