Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары өтемақы ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары өтемақы ала алады

05.12.2022

Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары кідірістің әрбір сағаты үшін билет құнының 3 пайызы мөлшерінде өтемақы ала алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді.

Сондай-ақ мамандар пойыздардың кешігу себебін түсіндірді. «Орал-Алматы», «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» бағытындағы пойыздардың кестеден 2 жарым сағатқа кешіккені туралы халықтан шағым түскен.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Сол себепті осы участоктарда пойыздардың жылдамдығы шектеліп, кестеге ішінара өзгеріс енгізілген.   

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу