Шекарадағы өткізу бекеттері жаңарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы өткізу бекеттері жаңарады

28.11.2022

Шекарадағы өткізу бекеттерінде инфрақұрылымдық жағдай мәз емес. Бақылау қызметтері орналасқан ғимараттар мен қолданыстағы технологиялық жабдықтар толық жаңғыртуды қажет етеді. Бұл туралы қаржы министрлігінің өкілдері айтты. Кейінгі жылдары шекарадағы өткізу бекеттерінен жүк тасымалының көлемі едәуір көбейген. Сол себептен автокөліктер сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Қазіргі кезде Достық-Алакөл өткізу пунктінің құрылысы басталды. Ал келер айдан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан «Қапланбек» өткізу бекеті жабылып, күрделі жөндеуден өтеді. Барлық жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Бақытжан Слямов, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Барлық өткізу бекеттерінде Қазақстан азаматтары мен қонақтарға мемлекеттік шекарадан өту кезінде қолайлы жағдайлар ескеріледі. Жолаушы терминалдары мен жүк көліктері тұрақтарында халықаралық әуежайларға ұқсас кафетерий, дәретхана, ана мен бала бөлмелері қарастырылады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу