Осы аптада Украина тарихта тұңғыш рет тұтастай жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Украина тарихта тұңғыш рет тұтастай жарықсыз қалды

27.11.2022

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына биыл Армения төрағалық еткен еді. Бірақ мерейтойлық саммиттегі Никол Пашинянның көңіл-күйін «мерекелік» деп айтуға келмейді. Тіпті, Армения премьер-министрі бұл төрағалықты бірлестік тарихындағы «ең сәтсізі» деп бағалап отыр. Өйткені «осы уақытта Әзербайжан тарапынан үш мәрте агрессияға тап болдық»,- дейді. Әрі Пашинян Армения төраға бола тұра, альянс әскерін көмекке жұмылдыра алмағанына өкпелі. «Ұйымның еш әрекет етпеуі - Әзербайжанның Арменияға тізе батыруына жол ашып отыр. Бұл құрылымның ижиджіне кері әсер етеді», - деді Пашинян.

Сондықтан ұйымға мүше елдердің Арменияға көмек көрсетуі жайлы құжатты қайта қарауға жіберіп, қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдаудан бас тартты. Ал әскери бірлестікке төрағалық ету тізгіні Армениядан Белоруське өтті.

Осы Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымның бас хатшысы болып Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды Станислав Зась атқарған.Оның құзыретіне не кіреді? Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымның бас хатшысы 3 жылға тағайындалады. 3 орынбасары болады. Хатшылыққа 5 құрылымдық бөлімше қарайды. Олар саяси, әскери қауіпсіздік, төтенше жағдайлар мен қауіптер, істі басқару және жоспарлау-ұйымдастыру бағыттары үшін жауап береді.

Яғни, Тасмағамбетов осы бөлімдерді де басқарады. Бас хатшы ұйымға мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша квоталық қызметтерге де тағайындай алады.

Осы аптада Украина тарихта тұңғыш рет тұтастай жарықсыз қалды. Бұл мемлекетті қаратүнек жайлағаны жайлы спутниктен түсірілген суретті Американың ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА да жариялады. Украинаның мұндай жағдайға душар болуына елдің энергетикалық инфрақұрылымының Ресей армиясы соққысынан қирауы себеп. Ал жақында ғана азат етілген Херсон қайтадан дүркін-дүркін артиллериялық шабуылға ұшырап, ондаған тұрғын қаза тапты. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.

Осы аптада Украина тарихта тұңғыш рет тұтастай жарықсыз қалды. Бұл мемлекетті қаратүнек жайлағаны жайлы спутниктен түсірілген суретті Американың ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА да жариялады. Украинаның мұндай жағдайға душар болуына елдің энергетикалық инфрақұрылымының Ресей армиясының соққысынан қирауы себепші. Тағы бір айта кететін жайт, жақында ғана азат етілген Херсон қайтадан дүркін-дүркін артиллериялық шабуылға ұшырап, ондаған тұрғын қаза тапты. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.

Сенбі күні Украина жұрты 1932-33 жылдары миллиондаған адамның өмірін жалмаған ашаршылық құрбандарын еске алды. Осыған орай президент Владимир Зеленский жұбайымен ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жергілікті халық Сталин дәуіріндегі алапат нәубетті «Голодомор» деп атайтыны белгілі.

Мемориалдық шара Украина армиясы Ресей әскерінің меселін қайтаруға күш салып жатқанда және энергетикалық инфрақұрылым қирап, бүкіл елді қаратүнек жайлаған шақта өтті. Рим Папасы Украинадағы жағдайды тіпті «сұмдық геноцид» деп атап отыр.

Ольга Коперка, Киев тұрғыны:

Мен бұл мәлімдемемен келісемін. Себебі, біз көріп отырған жағдай – ұлтты жоюға бағытталған арнайы геноцид. Соғыстың басқа мақсатын көріп тұрған жоқпын.

Осы аптада Украина тарихта алғаш рет толық жарықсыз қалды. Оған Ресей қарулы күштерінің елдің энергетикалық жүйесін ракталармен, дрондармен қайта-қайта атқылап, істен шығаруы себепші.

Мәскеу Ресей әскерінің Украинада азаматтық нысандарға әдейі соққы бергенін мойындамай отыр. Дегенмен, оның мәлімдеуінше, мұндай шабуылдар жергілікті халықтың тауқыметін тіпті ауырлатып, қарулы жанжалды тоқтату жолында Киевтегі билікті Ресейдің талабына көнуге мәжбүрлеуі мүмкін. Украина үкіметі болса, көрші мемлекеттің негізгі инфрақұрылымға зымыран жаудыруын әскери қылмыс деп атады.

Артем Антоненко, Киев тұрғыны:

Басқыншылықтың басында олар әскери нысандарға ғана соққы беруші еді. Бірақ, қазір халықтың тіршілігіне қызмет ететін обьектілерге шабуыл жасалып, одан бейбіт тұрғындар мен балалардың өмірін қиылып жатыр.

Қазір украиналықтарға энергия, жылу, су бірте-бірте беріліп жатыр. Дегенмен, ел аумағында әлі миллиондаған адам жарықсыз отыр. Президент Владимир Зеленский мәлімдегендей, 27 облыстың 14-де электр қуатын үнемдеуге тура келеді.

Және де бүкіл Украинада Ресей тағы да шабуыл жасаған жағдайда халыққа көмек көрсететін мыңдаған арнайы орталық ашылып жатыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Біз қолға алған жаңа жоба «Беріктік орталығы» деп аталады. Бүгінде мұндай орталықтың 4 мыңы ашылды. Олардың мақсаты – Ресей жаппай соққы берген жағдайда халықты энергиямен, жылумен, сумен, интернетпен, дәрі-дәрмекпен, телефон қуаттайтын мүмкіндікпен тәулік бойы қамтамасыз ету.

Ресей әскері Украинаға ақпанның 24-де басып кірді. Содан бергі 9 айда ол үлкен сәтсіздіктерге ұшырап, солтүстіктегі Киев, Чернигов, Сум облыстарынан, солтүстік-шығыстағы Харковь, оңтүстіктегі Николаев облыстарынан толық шегініп, Херсон аймағының 30 пайыздайын тастап кетуге мәжбүр болды. Дегенмен, қарашаның 11-де азат етілген Херсон қаласы мен оның маңындағы ауылдарды Ресей күштері кемінде 100 рет атқылап, 32 адамды мерт қылды. Снарядтар үйлерге, сауда орындарына, училищеге түскен. Сондықтан, херсондықтар қауіпсіз аудандарға қайта көшіп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу