Елде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 14 қаңтарда өтеді.
Сайлауды осы күнге тағайындау туралы Жарлыққа Президент қол қойды. Мұндай шешім Конституциялық заңға сәйкес, Сенат депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімі келер жылы аяқталатынына байланысты қабылданып отыр.