Транскаспий көлік дәлізі: Жүк тасымалы 10 миллион тоннаға дейін артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транскаспий көлік дәлізі: Жүк тасымалы 10 миллион тоннаға дейін артады

25.11.2022

2025 жылға қарай транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданатын жүк көлемі 10 млн тоннаға дейін артады. Бүгін Ақтауда Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Грузия мемлекеттерінің сыртқы істер, сондай ақ көлік мәселелеріне жауапты министрлері бас қосып, нақты іс-қимылдар айқындалған жол картасына қол қойды

Биыл осы бағыт бойынша 1,5 млн тонна жүк тасымалданып, көрсеткіш 2 есе артты. Жүк ағынының күрт өсуіне байланысты, дәлізді одан әрі дамыту көзделіп отыр. Енді алдағы 5 жылда тараптар өздеріне қатысты аумақта порттарды кеңейтіп, белгіленген жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

Джейхун Байрамов Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі:

Бұл кездесудің біз үшін де маңызы зор. Арамыздағы достық диолог, ынтымақтасты одан әрі дамытуға ықпал етері сөзсіз. Жол картасында көрсетілген міндеттерді мерзімінде жүзеге асыруға мүдделіміз.

Кездесуде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев аталған маршруттың өткізу қабілетін кеңейту үшін, теміржол желісі мен порт инфрақұрылымын дамыту, теңіз түбін тереңдету жұмыстарының басталғанын мәлімдеді. Алда порттар мен хабтар салып, кемелерді сатып алу жоспарда тұр. Сондай ақ, кездесуде тоғыз жолдың торабында тұрған Маңғыстау арқылы жаңа бағыттарды ашу мүмкіндіктері де талқыланды.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Ең маңызды жолдардың бірі ол Иран жаққа өтетін Қазақстан арқылы Түрікменстан арқылы Иранға ана Парсы теңізіне өтетін осы жол да маңызды болып отыр. Жол картасын құрып, өз тауарларын Азиядан Ресейге,, Ресейден шығып Иранға жеткізу ол да осы Маңғыстау өңірі арқылы өтеді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу