Алтынсарин ілімін шетел ғалымдары зерттеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтынсарин ілімін шетел ғалымдары зерттеп жатыр

24.11.2022

Қазақстан тәуелсіздігінің бастауында ұлт зиялылары тұр. Қостанай өңіріне арнайы сапармен келген түрік ғалымы Экрем Аян осылай дейді. Ол ұзақ жылдан бері Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметін зерттеп жүр. Түркияның Мугла қаласындағы университетте қызмет етеді. Алғаш қазақ ағартушысының «Мұсылманшылық тұтқасы» атты шығармасымен танысып, оны әрі қарай зерттеуге қызығушылығы оянған. Осы уақытқа дейін Алтынсариннің бірнеше туындысын түрік тіліне аударып, өзінің зерттеу кітабын жарыққа шығарыпты. Ғалым бұл сапарында Ыбырайдың туып-өскен өлкесімен танысуды мақсат еткен.

Экрем Аян, түрік ғалымы:
Негізінен тәуелсіздік соғыспен келеді. Ал бірақ біз білеміз, Қазақстанның егемендігі Алтынсарин, Абай, Байтұрсынұлы, Дулатұлы тәрізді тұлғалардың қаламының қуатымен келді. Яғни, қазақтың егемендігі үшін ұрыс қаламмен жасалды. Сол қаламның еңбегімен Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіз ел болды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу