Ұлыбританияда шаруалар шығынға батып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда шаруалар шығынға батып жатыр

24.11.2022

Ұлыбританияда құс тұмауы белең алды. Вирустың халыққа қаупі жоқ. Дегенмен, шаруалар шығынға батып жатыр. Себебі, індеттен 3 млннан астам тауық қырылған. Украинадағы соғыстың салдарынан астық құны қымбаттап, жемнің бағасы да шарықтап кетті деген фермерлер, пайда әкелмейтін кәсібінен бас тартуға мәжбүр. Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, қазан айында жұмыртқа бағасы өткен жылмен салыстырғанда 23,2%-ға өскен.

Хамфриз, фермер:

Супермаркеттер тұтынушылар үшін бағаны өсірді. Бірақ бізге ол ақша жетіп жатқан жоқ. Біздің шығындарымыз еселенуде. Жем қымбаттап кетті. Сондықтан біз жұмыртқа өндіруге қауқарсызбыз.


Хабарламаларға жазылу