Оралда екі жылдан бері дауға айналған «Кублей» зауыты мен қала әкімдігі арасындағы кезекті сот нәтижесіз аяқталды. Тараптар бұған дейін де бірнеше рет соттасып, ымыраға келе алмады. Зауыт өкілдері «санитарлық аумақта заңсыз салынған үйлердің кесірінен зауыт жабылуы мүмкін» дейді. Құрылыс компаниясы мен зауыт арасындағы даудың кесірінен 400 отбасы үйсіз қалуы мүмкін.
Бақытжан Базарбек, заңгер:
Заңсыз тұрғызылған үйлер заңдастырылса, онда 2024 жылы Кублей зауытына жаңадан санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілмейді. Өнімге декларацияның сәйкестігін растайтын құжат берілмейді. Демек, қазақша айтқанда, зауыттың жабылу қаупі туындап отыр.
Ләззат Намазова, тұрғын:
Қарапайым халыққа үйлерін берсе екен дейміз. Кублей зауытына ешқандай қарсылығымыз жоқ. 87-жылдан бері ол жерге үйлер салынған. Жер үй де бар, көп қабатты үйлер де бар.
Ардақ Мұратқызы