Астандағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт неден шыққаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астандағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт неден шыққаны анықталды

23.11.2022

Астандағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт неден шыққаны анықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұзартқыштағы ақаудан электр сымдарының қабы жана бастаған. Еске салсақ, 16 қарашада Елордада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адам ауруханаға түскен еді. Осы оқиғада денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды.  

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу