Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Польша – Португалия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Польша – Португалия матчын тікелей эфирде көрсетеді

30.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Польша – Португалия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының ширек финалдық ойындары басталады. Алғашқы ойын Польша – Португалия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Польша құрамасы плей-офф кезеңінде Швейцарияны матч соңындағы пенальти сериясында ұтса, Португалия құрамасы Хорватияны 1:0 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Польша мен Португалия құрамалары 10 рет кездескен. 3 матчта Польша құрамасы жеңіске жетсе, Португалия 4 ойында ұтқан. 3 кездесу тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Польша 27-ші орында, ал, Португалия құрамасы 8-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Польша – Португалия матчының қайталауын ертең, 1 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 18:15-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу