Қатар-2022: Биылғы футболдан әлем біріншілігінің тосын сыйы көп болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Биылғы футболдан әлем біріншілігінің тосын сыйы көп болмақ

20.11.2022

Биылғы футболдан әлем біріншілігінің тосын сыйы көп болмақ. Қатар елі бұл турнирде алғаш рет өнер көрсетеді. Ал бұл Мундиаль тарихтағы 32 құрама қатысатын соңғы бәсеке. Келесі додада 48 команда өнер көрсететін болады. Қатар елі әлемдік бәйгеге тыңғылықты дайындалыпты. Жанкүйерлерге арналған спорттық дүкен де ашып қойған.

Қатар Астанасы ДоҺада футбол жанкүйерлеріне арналған үлкен спорттық дүкен ашылды. Мұнда келушілердің қатары көп. Дүкеннің іші кең, сатып алушылар еркін таңдау да жасай алады.

Тони Гальярдо, Мексика құрамасының жанкүйері:
Мен көп сыйлық сатып алдым. Мұның барлығы естелік. Өзіме Мексика құрамасының жейдесі ұнады. Отбасыма әдемі сыйлықтар алуым керек.

Бағалары жақсы, кейбірі арзан, кейбір заттар қымбат. Демалыста мұндай жерге келгеннен кейін көбірек ақша жұмсауға тура келеді.

Спорттық дүкен түнгі екіге дейін жұмыс істейді. Келушілер мұндағы заттардың сапасына жоғары баға берді , сондай-ақ дүкеннің алғашқы жұмыс күнінде тауарлардың сатылымы да өте жоғары болды.


Хабарламаларға жазылу