Лионель Месси: Мен үшін «Алтын доп» титулының еш маңызы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси: Мен үшін «Алтын доп» титулының еш маңызы жоқ

14.07.2014
Лионель Месси: Мен үшін «Алтын доп» титулының еш маңызы жоқ

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2014 жылғы Әлем чемпионатының «Үздік ойыншысы» атағына мән бермейтінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем біріншілігінің бас жүлдесі үшін болған ойында Германия құрамасы аргентиналықтарды экстра-таймда 1:0 есебімен жеңген еді.

«Егер сенің құрамаң бұл сында жеңіске жетпесе, Әлем чемпионатының үздік ойыншысы деген атақтың  еш маңызы болмайды. Арманым - бұл чемпионатта жеңіске жету еді.  Қақпаның кілтін табу мүмкіндіктері болды бізде, алайда, оны дұрыс пайдалана алмадық. Сол үшін өзімізді жазғырып отырмыз», - деп келтіреді Мессидің сөзін www.ole.com.ar.

Хабарламаларға жазылу