Алматы жұртшылығы белгілі жазушы, әдебиеттанушы әрі аудармашы Герольд Бельгерді ақтық сапарға шығарып салды.
Ол қазақты жан-тәнімен сүйген азамат еді. Өмірінің соңына дейін қазақ ұлтына деген адалдығынан айныған жоқ.
Саналы ғұмырында 60-жуық кітап жазып, 100-ден астам аударманың авторы атанған.
«Герағамыздың қазақ тілін мадақтап өткенін ғана емес, қоғамдағы белсенділігін де ерекше мақтанышпен айтуымыз керек», - деді жиында сөз алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ