Кезектен тыс президент сайлауына Түркістан облысының тұрғындары да бір кісідей қатысуда. Өңірде таңғы жетіден бастап 919 сайлау учаскесі ашылды. Учаскелердің 26-сы жабық саналады. Сондай жабық учаскенің бірі «Сарыағаш» шипажайында орналасқан.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Бүгінгі маңызды шарада шипажайларда демалып жатқан азаматтардың белсенділігі өте жоғары. Таңғы сағат жетіден бастап ашылған сайлау учаскесінде демалушылар тіпті кезек күтіп, дауыс беруде. Алғашқы он дауыс берушіге сыйлықтар да тапсырылды. Мен тұрған сайлау учаскесінде 54 шипажайда демалып жатқан 880 адам дауыс беруі тиіс. Олардың дені еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтар.
Жалпы бүгін Түркістан облысындағы тұрғындардың 53 пайызы дауыс беру құқына ие. Яғни 1 млн 168 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасайды. Аймақта 11 мыңға жуық қоларбаға таңылған және көзі нашар көретін, есту қабілеті төмен жандар бар. Олардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалмақ.