Цифрлық форматтағы құжаттар тізімі кеңейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық форматтағы құжаттар тізімі кеңейді

18.11.2022

Egov мобильді қосымшасының көмегімен алынатын құжаттар тізіміне төлқұжат та қосылды. Ал жыл соңына дейін цифрлық форматқа сақтандыру полисі мен нотариалды куәландырылған сенімхат та ауыстырылып, платформаға енгізіледі. Бұл азаматтардың құжат алмасу процестерін мейлінше жеңілдетеді. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-ның өкілдері айтты.

Кейінгі уақытта онлайн платформа арқылы мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігі біршама артқан. Биыл ғана цифрлық құжатқа тапсырыс беру саны 11 миллионнан асты. Сондай-ақ кездесуде мобильді қосымшаның екінші деңгейлі банктермен, жеке меншік платформалармен интеграциялау мәселесі де сөз болды. 

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу