1 млн адам азық-түлік үшін 5,4 млрд теңге көлемінде төлем алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 млн адам азық-түлік үшін 5,4 млрд теңге көлемінде төлем алды

06.08.2020

1 миллионға жуық қазақстандық шілде айында азық-түлік пен тұрмыстық жиындар үшін төлем алды. Бұл жәрдем үшін мемлекеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Карантин кезінде мұндай көмекке көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жергілікті органда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар ие болды. Ал тізімді жергілікті атқарушы органдар жасаған. Айта кетейік. Президенттің тапсырмасымен Төтенше жағдай режимі мен карантиндік шаралар кезінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алушылар тізімі кеңейді. Ал халықтың бір-бірімен байланысын азайту үшін көмек бұрынғыдай азық-түлік күйінде емес, ақшалай төлем ретінде беріле бастады.  


Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу