Қарағанды облысы Шахан кентінде 110 үй орталық жылу жүйесіне қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы Шахан кентінде 110 үй орталық жылу жүйесіне қосылды

15.11.2022

Қарағанды облысының Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесіндегі пештер түгел сыртқа шығарылған. Алайда үйлерінде пеш жағып отырған тұрғындар әлі де бар. Бүгінгі күні кентте жаңа орталықтандырылған жылу қазандығы салынған. Оған 100-ден астам үй қосылған. Тұрғындардың қаржы мәселесіне байланысты қазандыққа қосылмаған 6 үй бар. Олар пәтерлерін пеш жағып жылытуда. Айта кету керек, елді мекенде орталық жылу жүйесі 30 жыл болмаған. 2017-ші жылы мұнда көпқабатты үйлердің бірінде жертөледегі пеш жарылып, 9 адам қайтыс болған еді.

Ғалым Өмірбеков, Шахан кентінің әкімі:

2021 жылы Шахан кентіндегі жертөлелердегі бүкіл қазандықтар сыртқа шығарылған. Орталық қазандыққа 116 үйдің 110 және әлеуметтік объектілер қосылып тұр. Қалған 6 үйдің тұрғындары ақша мәселесіне  байланысты бас тартты. Ол үйлерді 2023 жылы қосамыз. Келер жылы міндетті түрде орталық қазандықтан жылу беріледі.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу